top of page

Каримова Назым Салтанатовна

Каримова Назым Салтанатовна

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.

1995-1998ж.ж

Шығыс Қазақстан Гуманиралық Колледж

1998-2000ж.ж Сәрсен Аманжолов атындағы

Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті.

Мамандығы:Қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы,филолог.

Еңбек өтілі: 19жыл


Жоғары санатты мұғалім Каримова Назым Салтанатовна он тоғыз  жылдан астам уақыт бойы ұстаздық қызметін атқарып келеді. Бүгінгі таңда талпынысқа толы XXI ғасыр талабына сай жаңашыл ұстаздың бірі. Алға үмітпен талпынған жаңа ашылулар. Жаңа технологиялар. Жаңа білім. Жаңа мектеп. Жаңа мектептің ұстазы ретінде балаларға тек жаңалық енгізіп қана қоймай, сонымен қатар уақыт пен ұрпақ арасында байланыс орнатады.

          Оқушыларды білімге, шығармашылыққа, еңбексүйгіштікке баули отырып, оқыту үрдісінде жаңа технологияларды қолдану арқылы шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаз екенін көрсетіп жүр.

Оқыту, тәрбие барысында жаңа әдіс-тәсілдерді ұтымды, шеберлікпен пайдалана отырып, оқушының білім деңгейін, қабілетін саралай білуді, баланың жеке тұлғалық дамуына дұрыс бағыт-бағдар беруді, оларды заман талабына сай қалыптастыруды басты міндеті деп есептейді. Осы мақсат – міндеттерімнің нәтижесін көріп отырмыз. Оқушылары 2018 жылы 5-6 сынып «Өрлеу»Республикалық Ғылыми-Әдістемелік Орталығы ұйымдастыратын олипиадаларға қатысып 1,2,3 орындарға ие болды.Қазақ тілі мен әдебиетінен жалпықазақстандық қашықтық олимпиадаларына қатысады. 2012ж Облыстық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып «Мадақтама» алды « Ең үздік баяндамаға».2013,2014жылдары Облыстық олипиадаларға оқушыларды дайындаған үшін «Мадақтама»қағазымен марапатталды. Жамбыл драма театрынан «Алғыс хат» Балаларға эстетикалық тәрбие  беруде белсенділігі  үшін.2014ж,Дарын орталығы ұйымдастыратын КИО олимпиадаларына жыл сайын қатысуда.

2018жылы «Құрмет грамотасы», «Сертификат»Республикалық әдістемелік сайтына материал жариалап,әдістемелік тәжірибемен алмасып,білім беру жүйесіндегіжаңа ақпараттық-коммуникациялық технология бағыттарының дамуына үлес қосқаны үшін»марапатталды.Назым Салтанатовна «Қазақ тілі жаттығу,тексеру,бақылау жұмыстарының» авторы 2011ж,Аймақтық  компонентке  байланысты мәтіндер,жаттығулар,тест,бақылау жұмыстары»еңбектерінің авторы 2016ж

Өз білімімді жетілдіруде жаңарту шеңберінде орыс тілінде оқытатын мектептердегі”Қазақ  тілі “ пәні бойыншапедагогика кадрларының біліктілігін арттыру білім берубағдарламасы бойынша  курсын аяқтады .2016ж. Заман талабына сай, қазіргі кезде ғаламтор арқылы әртүрлі сайттарға оқушыларды да, өзі де әртүрлі олимпиада, конкурстарға қатысады. Онлайн желі арқылы қатысады Дарынды оқушылармен  облыстық, республикалық сайыстарға қатысып жүлделі орындарға да ие болуда.

bottom of page