
Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі
Областная специализированная школа-лицей для детей, одаренных в области математики, физики, информатики
Oblast specialized school lyceum for children gifted in mathematics physics and information technology
Кенжебаева Минира Ергазыкызы

Өскемен қаласы «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақтілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Кенжебаева Минира Ергазыкызы.
Кенжебаева Минира Ергазыкызыбірінші санатты қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі. 2004 жылы ШҚГК, 2007 жылы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні» мұғалімі мамандығы бойынша аяқтады. Педагогикалық өтілі -10 жыл. Оқушылары бірнеше мәрте облыстық олимпиадалар мен интеллектуалдық байқаулардың жүлдегерлері.
Минира Ергазыкызы өз білімін жетілдіруге, үнемі көтеруге ұмтылып, тырысып отырады. Жыл сайын облыстық, халықаралық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға, олимпиадаларға белсенді қатысады.
Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығы өткізген «Құрмет орденінің иегері Қ. Бітібаеваныңұстаздық қызметінің 45 жылдығына арналған «Жаһандану жағдайында тіл мен әдебиетті оқыту мәселелері»» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, оқылған баяндамасы үздік деп танылып, жинаққа жарияланды.
Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы өткізген «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты X Халықаралық педагогикалық олимпиаданың жүлдегері атанды.
«2015 жылы Шығыс Қазақстан облысының білім саласына қосқан зор үлесі үшін» Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы басшысының құрмет грамотасымен марапатталды.
«Шығыс Қазақстан облысының «Зияткер» кешенді мектептер желісінің даярлық сыныптарына арналған облыстық инженерлік-техникалық «Тілашар» олимпиадасын ұйымдастыру және өткізуде ат салысқаны үшін» Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының директорының алғыс хатымен марапатталды.
«2017-2018 оқу жылында Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолындақол жеткізген табыстар мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директорының құрмет грамотасымен марапатталды.
Өмірлік ұстанымым – «Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды».
