top of page

Зарница

  • 5 мая 2018 г.
  • 1 мин. чтения

«Зарница» әскери спорттық ойыны 4- мамырда сағат 10.00-ден 14.00-ге дейін 1- ауысым, 14.00-ден 17.00-ге дейін екінші ауысым сыныптары қатысты. Мектептің 1-4 сынып оқушылары ата – аналарымен әскери-патриоттық іс- шараларға қатыстырып, салауатты өмір салтын насихаттады. Балалар мен жасөспірімдерді әскерилендіріліген «Зарница» ойын-сайысына қатыстыру арқылы, оларға азаматтық және патриоттық тәрбие беруге тәрбиелеу болып табылады. Оқушылардың бойында өзара көмекке, жолдастық қолдауға, ұжымды қалыптастыруға дайындайды. Бұл сайыста мергендер, гранат лақтыру, кедергілер арқылы жүгіру эстафеталары т.б. ойын түрлері болды.

Сайыстың эксперт құрамы барлығынан қай сынып көп бал жинаған командаға марапаттау қағазымен марапатталды. Бұл әсіресе ер балалар үшін аса қызғылықты болды. Іс-шараның соңында балалар тәтті сый-сияпатқа кенелді. – Бұл шараға бірнеше балалар отряды қатысты, бәрі де жазғы демалыстарының осындай қызғылықты әрі пайдалы шараларға толы болғанына ризалықтарын білдіріп, келген қонақтарға алғыстарын айтумен болды, – дейді тәрбиешілер. Мұндай кездесулер жазғы демалыстың бос өтпей, пайдалы істерге арналғанын көрсетді

Балалар әскери киімдерді киіп көрді, сапта жүруге әрекеттенді, сондай- ақ жараланғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін де байқап көрді.

 
 
 

Комментарии


Подпишитесь на рассылку

Будьте в курсе наших новостей

Последние новости
Архив новостей
bottom of page